#ата_аналар_қолдау_орталығы Ата-аналар педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспары бойынша желтоқсанның 7-ші жұлдызында Мәдениет орта мектебінде "Баланы эмоционалды түрде қабылдау және ата-ананың махаббаты" тақырыбында орта буын ата-аналарымен тәрбие сағаты өтті. Жиналыста ата-аналарға түрлі әдіс-тәсілдер арқылы тапсырмалар беріліп, ата-ана өз тәжірибесінде бала тәрбиесіндегі іс-әрекетімен ортаға салды.
«Мәдениет орта мектебі» 6-11 сынып оқушылары 2023 жылдың 5 желтоқсан күні «Код сағаты – 2023» жаһандық бағдарламалау акциясына белсене қатысып, "Компьютермен интернесіз" Paint 3D бағдарламасы арқылы акцияға өз үлестерін қосты.
#біртұтас_тәрбие Мәдениет орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Серік Төлегенұлы Елемесов оқушыларға президенттік институт және оның маңыздылығы туралы ақпарат беру мақсатында 6,7 сынып оқушыларымен "Президенттік Институт" тақырыбында таным сабағын өткізді.
#біртұтас_тәрбие #мәдениет_өнер_фракциясы #өзін_өзі_басқару «Жайдарман» - әзілқойлар мен тапқырлар сайысы. Бұл сайыс жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеу, интеллектуалды деңгейін көтеру және өмірлік дұрыс бағыт-бағдар беру мен қоғам дамуына үлес қосу мен жастардың өмірде өз орнын дұрыс таба білуге баулиды.
#біртұтас_тәрбие #оқуға_құштар_мектеп 📚Мәдениет орта мектебінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Мен және менің отбасым қандай кітап оқиды?" тақырыбында іс-шара өткізілді.
2023 жылғы 30 қараша күні мектебіміздің қызметкерлері мен оқушылар арасында "Өрт қауіпсіздігі" тақырыбында Айыртау ауданы Арықбалық ауылы номер 23 -ші өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіруші -құтқарушысы .
#біртұтас_тәрбие #оқуға_құштар_мектеп "Оқуға құштар мектеп" жобасының жоспары аясында мектептегі "Театр" үйірме мүшелерінің қатысуымен "Түлкі мен қоян" ертегісін "Қуыршақ театры" сомдап, бастауыш сынып оқушыларының назарына ұсынды. Қойылым жоғары деңгейде, қызықты өтті. Алдағы уақытта үйірме мүшелерінен жаңа, қызықты қойылымдар күтеміз.