Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспары негізінде 9,11 сынып ата-аналарымен тәрбие сабағы өткізілді. Сабақ барысында ата-аналармен "Отбасы дәстүрлері қарым-қатынасты жақсартуға қаншалықты маңызды?" тақырыбында әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар "Жасөспірімнің бейімделуі " және "Көркем мінез - баға жетпес байлық" атты тақырыптар қаралды. Ата-аналарға әртүрлі қызықты тапсырмалар берілді. Барлығы қызығушылықтарын танытып, сабаққа белсенді қатысты.
#біртұтас_тәрбие #ата_аналар_қолдау_орталығы Мәдениет орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспары негізінде "Отбасылық дәстүрлер" және "Ата-ананың бала тәрбиелеудегі міндеті, қателіктерді,кемшіліктерді,ауытқуларды түзету емес, жасөспірімге оң әсер ету" тақырыбында тәрбие сабағы өтті. Ата-аналарды сыныпқа белгілер арқылы амандасумен бастап, "додокаэдр" әдісі арқылы психологиялық ахуал орнатылды. Тақтаға ілінген "көздер" арқылы ата-ана өз баласын танып,конверттегі баласының хаттарын оқиды. Ата-ана сол баласының хатына жауап ретінде
бір_тұтас_тәрбие Табиғат қандай әсем, керемет неткен! Сұлулығын көрген жан елең еткен, Көкжиектен күн шығады бір сәтте, Сәулесі түсіп, жарқырап, күн де жеткен... 🖌Күзгі демалыс уақытында орта буын оқушылары "Менің сұлулық әлемім" атты қашықтықтан ұйымдастырылған сурет көрмесіне белсенді қатысты.
#күзгідемалыс #оқуғақұштармектеп #біртұтас_тәрбие 📚Мектеп оқушыларымыз күзгі демалыстарын пайдалы өткізуде. "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында күзгі демалыс кезінде «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» атты іс-шара барысында оқушылар ұсынылған шығармаларды оқыды. 9-сынып оқушысы Амангелдиева Жанел Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романың таңдап, осы роман бойынша өз ойымен бөлісті.
24 қазан күні Мәдениет орта мектебінде Республика күні мерекесі қарсаңында "Жас Ұлан" мен "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 1 және 5 сынып оқушыларын қабылдау салтанатты рәсімі өтті.