#бір_тұтас_тәрбие #өзін_өзі_басқару 4 сәуір күні аудандық Мәдениет үйінде "Көңілді көктем" тақырыбында Жайдарман фестивалі өтті. Жайдарманға мектебіміздің "Жеті керемет" командасы қатысты. Оқушыларымыз ойынға алғаш рет қатысып тұрсада, өздерінің өнерлерін жоғары деңгейде көрсете алды. Ойын соңында ұйымдастырушылар тарапынан диплом табысталды.
Көктемде су объектілерінде мұзға шығу қаупі артады. Көктемнің келуімен күн сәулесінің әсерінен мұз тез ериді. Көктемгі су тасқыны кезінде өзендердегі мұз борпылдақ болады, жоғарыдан күн, еріген су ағып жатады. Онымен жүру өте қауіпті: кез-келген уақытта ол аяқтың астында омырылып кетуі мүмкін. Сондықтан есте сақтау керек: - көктемгі мұзда құлап кету оңай; - мұздың ыдырау процесі жағалауға жақын жерде тез жүреді; - қармен жабылған көктемгі мұз тез бос массаға айналады. Көктемгі су тасқыны және мұздың омырылуы кезінде тыйым салынады: -
«Мәдениет орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 1 маусымында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша атқарылған жұмыстарының есебі Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары аясында «Мәдениет орта мектебі» КММ өзіне тиесілі міндеттерін атқаруда. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомствалық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін атқарады. 1
Құрметті ата-аналар! Баланың құжаттарын egov.kz, mektep.smartnation.kz электрондық үкіметтің веб-порталында және көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы тапсыруға болады. Бірінші сыныпқа алты жастан бастап балалар және ағымдағы жылы алты жасқа толатын балалар ата – анасының немесе заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейінгі жұмыс күндері қабылданады. Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін төмендегідей құжаттар қажет: 1.Білім беру ұйымына ата-ана (немесе оларды
#бір_тұтас_тәрбие #Наурыз2024 Наурызнама онкүндігінің соңғы күні ұлттық экологиялық науқанға арналған. Тазару күні – мемлекеттің экологиялық түйткілдерді шешуге бағытталған іс-шараларына азаматтарды қолдау білдіруі. Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді. Мерекенің мәні – қыстан көктемге көшу, табиғаттың жаңа өмір бастауының нышаны. Мектебіміздің оқушылары осы күні ауладағы қарды тазалап, үйдегі гүлдерді суарып, табиғатқа деген мейірімділіктерін көрсетті.
#бір_тұтас_тәрбие #Наурыз2024 Ақ дастархан жайылып халық үшін, Дастарханнан дәм татып үлкен кішің. Наурыз келді төрімізге ағайын, Көңіл-күйдің беріп ең көңілдісін. Наурызнама күнтізбесі бойынша 22 наурыз-Жыл басы. Осыған орай мектебімізде "Қош келдің әз-Наурыз" атты мерекелік концерт өтті. Шашу шашылып, қонақтарға наурыз көже ұсынылды. Оқушыларымыз ән-би, жырларын арнап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қарт атамыз мектеп оқушыларына ақ батасын беріп, алғысын білдірді.
#бір_тұтас_тәрбие #Наурыз2024 #даналық_мектебі Наурызнама онкүндігі аясында қазақстандықтар 21 наурыз – Ынтымақ күнін тойлайды. Ынтымақ күні – ел үшін маңызды тарихи оқиғалар мен ұлттың жетістіктерін еске алу уақыты, сонымен қатар елдегі әртүрлі топтар мен қоғамдық топтарды біріктірудің маңыздылығын білдіреді. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Осы күнді тойлау мақсатында мектебімізде "Берекелі дастархан" атты іс-шара өтті. Іс-шара барысында ата-аналар ұлттық тағамдар жасап,
#бір_тұтас_тәрбие #Наурыз2024 20 наурыз - Ұлттық спорт күні. Ұлттық спорт түрлері — рухты көтеретін ойындар. Ежелден келе жатқан салт-дәстүр мен ойын түрлерін ұлықтап, болашаққа үлгі еткеніміз жөн. Бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңгеге ілу, құсбегілік және тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту сынды түрлі ойындар бар. Бұл ойындар әсіресе, Наурыз мерекесінде кеңінен насихатталады. Ұлттық спорт күніне орай мектебімізде оқушылар, ұстаздар және ауыл жастары арасында бес асық, тоғызқұмалақ, арқан тарту бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Барлығы