#біртұтас_тәрбие #тоғыз_айда_тоғыз_іс_шара Домбыра – қазақ халқының қастерлі ұлттық музыкалық аспабы. Бабаларымыздан мирас болып қалған домбыраның тарихи тамыры ғасырларға ұласады. Домбыра – баға жетпес жәдігер, қазақ халқының бойтұмары. Домбыра тарту арқылы білім алушылардың бойында қазақ халқының мәдени мұрасы дариды, рухани дамуына көмектеседі, эстетикалық тұтастықты қалыптастырады. Мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары "Домбырашылар" челленджіне қатысты. Челлендж мақсаты: білім алушылардың эстетикалық, патриоттық сезімдерін,
#бір_тұтас_тәрбие #Наурыз2024 Бүгін – Ұлттық киім күні. Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналады. Бұл – халық рухының шағылысын бейнелейтін ұлттық дизайнның көркемдігі мен қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.
#бір_тұтас_тәрбие #Наурыз2024 Бүгін – Ұлттық киім күні. Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.
#біртұтас_тәрбие #Наурыз2024 Бүгін 17 наурыз- Шаңырақ күні. Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салт болған. Жалпы, Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы «Шаңырақ» күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар.
#бір_тұтас_тәрбие #төрт_тоқсан_төрт_өнер 🌹Қазақ халқының ұлттық қолөнері сонау ерте заманнан бері қалыптасып келеді. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне байланысты қолөнердің сан алуан түрі бар. Күнделікті пайдаланатын тұрмыстық заттардан бастап, қыздардың әшекей бұйымдары, киім –кешектері, үйге қажетті құрал- жабдықтар , ыдыс-аяқтар , көрпешелердегі түрлі ою-өрнектер осының барлығы тұнып тұрған тарихтан сыр шертетін, қажырлы еңбекті қажет ететін халқымыздың қолөнері. "Төрт тоқсан-төрт өнер" жобасын іске асыру мақсатында мектебімізде ұлттық қолөнер көрмесі
#бір_тұтас_тәрбие Бүгін 15-наурыз күні "Аманат" партиясының 25 жылдығына, мәслихаттардың 30 жылдығына және Наурыз мейрамына арналған 2007-2008 ж., 2009-2011 жылғы жасөспірімдер, 2009-2011 ж. қыздар арасында қазақ күресінен ашық турнир өтті. Аталған турнирге мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды: Ерболат Ибраһим, Ерболат Ансар, Саттыбаева Наргиз-1 орын, Мағжан Дидар, Магжанова Дария-2орын, Біржан Абылай-3 орын. Оқушыларымызды және дене шынықтыру пәні мұғалімі Саттыбаев Ринат Нұртайұлын жеңістерімен құттықтаймыз!!!
#бір_тұтас_тәрбие #Наурыз2024 15-наурыз күні Мәдениет орта мектебінде бастауыш сыныптарында "Нұр себеле, Наурыз мерекесі" атты тәрбие сағаты өтті. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, ізгілік пен жақсылықтың мейрамы екені туралы әңгіме жүргізілді. Ұлыстың Ұлы күні адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып табысқан. Кең болсын қазағымның керегесі, Кетпесін Алла берген берекесі, Алаштың
#бір_тұтас_тәрбие #Наурыз2024 15- Наурыз "Қайырымдылық және Мейірімділік" күніне орай мектебіміздің еріктілер тобының мүшелері зейнеткер қариялар Саттыбаев Аманжол атамыз бен ардагер ұстаз Қүлмаш Сейтқалиқызының ауласын қардан тазалап, алғысқа ие болды.