8-Наурыз мерекесіне орай 5-9 сынып ұлдары қыздарға арнап мерекелік квест-ойынын ұйымдастырды. Мектебіміздің ару қыздары ұлдардың дайындаған тапсырмаларын орындап, ойын соңында сыйлықтарға ие болды.
Ана деген ұлы сөз бар ғаламда, Ана сөзі сақталады санамда. Түн ұйқысын төрт бөліп, Жұбатады анашым Қуанышты да қайғыны, Бөліседі анашым 🌸Мектебімізде 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай "Ана бақыт-ана нұр" атты мерекелік іс-шара өтті. Бастауыш сынып оқушылары шығармашылық қабілеттерін ортаға салып, ата-аналарын таң қалдырды. Концерттік бағдарлама аясында балалар әжелеріне және аналарына жылы сөздер айтып, өз қолдарынан жасаған ашық хаттарды сыйға тартты. Ән мен биден шашу шашты.
Су тасқыны – өзендегі судың көтеріліп, қардың еріп, желдің қатты соғуынан өзеннің тасуы немесе сел жүру кезінде кейбір елді мекендердегі су басуы. Су тасқынының келтірер зардаптарының қатарына үйлер мен ғимараттардың, көпірлердің қирауын, теміржолдар мен автокөлік жолдарын су шайып, инженерлік желілердегі апат, тұрғындар арасындағы зардап шегушілер мен жан-жануардың қырылуы сынды оқиғаларды жатқызуға болады. Үйлер мен жер опырылып, барлығы қозғалып қирап жатқан болса, су тасқынының белгісі деп білсеңіз болады. Су тасқыны кезінде жұмыс орындары мен пәтерлерде
Наурыздың 5-сі күні Мәдениет орта мектебінде "Қазіргі отбасында балалар шығармашылығын дамытудағы ұлттық ойындардың маңызы"атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өтті. Ата-ана мен бала арасындағы байланыстың тығыз болуына ұлттық құндылықтарымызды бала бойына сіңіруде ұлттық ойындардың маңызы өте зор.Ата-аналар үйде балаларымен бос уақыттарын қалай өткізетіні туралы сөз қозғалып,оны қаншалықты тиімді болуы туралы ой бөлісті.
Мектебімізде 26 ақпан мен 01 наурыз аралығында "Язык-всем поколениям наследие" тақырыбында орыс және ағылшын тілдерінен апталық өтті. Апталық барысында орыс тілі мұғалімі Даирова А.Б. және ағылшын тілі мұғалімі Калахова А.К бастауыш және орта буын оқушыларына "Мы полиглоты", "Знатоки русского языка", "Поле чудес" сайыстарын және "Хогвартсқа саяхат" квест-ойынын ұйымдастырды. Сонымен қатар 6-сыныпта орыс және ағылшын тілінен ашық сабақтар өткізілді. Апталық қорытындысы бойынша белсенді қатысқан сыныптар мадақтамалармен марапатталды.
Бүгін - көктемнің алғашқы күнімен тұспа тұс келген Алғыс айту күні. Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Биыл атаулы мейрам елімізде 8-ші жыл қатарынан аталып өтуде. Қыстан аман шыққан халықты өткеніне салауат айтып, бүгініне шүкір етіп, айналасына Алғыс айтуға шақыратын мейірім мен ізгіліктің мерекесі береке-бірліктің бастауы болғай. Жадырап жеткен көктем көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, мерейлеріңізді өсірсін! Шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, еселі еңбектеріңізге табыс тілеймін. Мереке мерекеге ұласып, ел аман, жұрт
"Тоғыз айда тоғыз іс-шара " тұжырымдамасы аясында мектебіміздің оқушылары "Оқуға құштар мектеп" республикалық челленджіне белсенді қатысты. «Оқуға құштар мектеп» челленджі отандық және әлемдік озық шығармаларды насихаттауға, білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын, оқу сауаттылығын арттыруға, оқыған кітабын жалпылау және талдау қабілеттерін дамыту негізінде шығармашалық қиялын қалыптастыруға, кітап оқуға құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар челлендж білім алушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға да негіз болады.