#бір_тұтас_тәрбие Биылғы жылы ақпан айының 01-07 жұлдызы аралығында балалар мен жасөспірімдер арасында ҚР Чемпионаты Талдықорған қаласында өткен болатын. Солтүстік Қазақстан облысы құрама командасы атынан біздің мектептің 2 оқушысы да қатысты. Олар: 8-сынып оқушысы Ерболат Ибраһим және 9-сынып оқушысы Саттыбаева Наргиз бақтарын сынап, біраз тәжірибе алмасып қайтты. Үлкен аренаға шығып, қазақ күресінің нағыз дәмін татып, өз көздерімен көпті көрген оқушыларымыздың алған әсері көп. Әрине, осындай оқушыларды жеңістің тұғырына дайындаған балалар мен
2024 жылғы 1-2 ақпан күндері 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиаданың нәтижелері бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәнінен Еқсан Сара 6-сынып оқушысы 3 орын; Қазақстан тарихы пәні бойынша 6-сынып оқушысы Тоқсанбай Сағындық 3 орындарға ие болды. Орын алған оқушылар мен дайындаған ұстаздарды құттықтаймыз!!!
Қаңтардың 19 -31 аралығында бастауыш сыныптар аралығында "Білімді елдің болашағымыз"атты онкүндігі өтті. "Біз болашақты ашық түспен қарсы аламыз", "Патша мен ханшайымның жазуы"," 101 мақал,1001 мәтел", "Дені сау ұрпақ ұлт болашағы"атты қызықты іс-шаралар өтілді.Балалар аса қызығушылықпен қатысты.Бастауыш сынып мұғалімдері Абильтаева А.Б, Жанакулова Г.М, Жусупова М.Г, Кабиденова Д.К және мектеп алды даярлық сыныбының тәрбиешісі Абильтаева Р.Б үлгілі сабақтар өткізді.Сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді көрсете отырып,әріптестермен бөлісті. Онкүндіктің жабылуында
#бір_тұтас_тәрбие #dosbollike Досболlike акциясы аясында "Еріктілер" бағыты бойынша мектебіміздің ұлдары зейнеткер қариялар Саттыбаев Аманжол атамыз бен ардагер ұстаз Қүлмаш Сейтқалиқызының ауласын қардан тазалап, алғысқа ие болды.
#оқуғақұштармектеп 📚Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Бір ертегі, бір мақал, бір бауырсақ " әдісі арқылы 2-сынып оқушылары ұстаздар мен оқушыларға сұрақ қойды. Бұл әдіс оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, ұстаздардың шығармашылықтарын шыңдау мақсатында ұйымдастырылды.
#бір_тұтас_тәрбие #тоғыз_айда_тоғыз_ісшара #есепшығару #яматематик "Тоғыз айда тоғыз іс-шара " тұжырымдамасы аясында математикалық есептер шығару білім алушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, логика, зейінін жаттықтыру мақсатында мектебімізде Республикалық "Қазақ есебі" челленджі өткізілді. «Қазақ есебі» челленджі ф-м.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі, ғалым-математик Жұмадилдаев Асқар Серқұлұлының авторлық есептерін шешуге арналды.