#бір_тұтас_тәрбие #оқуға_құштар_мектеп Мектебімізде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында бастауыш сынып оқушылары арасында оқу жылдамдығын жетілдіру мақсатында "Жылдам оқу" сайысы ұйымдастырылды. Сайыс қорытындысы бойынша оқушылар мадақтама мен сыйлықтармен марапатталды.
Қазақстан тарихы пәнінен желтоқсанның 20-сы күні білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезенінен Мәдениет орта мектебінің 9- сынып оқушысы Амангелдиева Жанел, 11-сынып оқушысы Кеншінбай Дилназ І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
#бір_тұтас_тәрбие Мәдениет орта мектебінде желтоқсанның 21-і Айыртау аудандық ауруханасының балалар дәрігері Балтабаев Нұриддин Рашитовичтің қатысуымен "Балалардың денсаулығын сақтау және аурулардың алдын алу мақсатында екпе алу" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
#біртұтас_тәрбие 🇰🇿Мәдениет орта мектебінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік- тұғырым» тақырыбында мектепалды даярлық сыныбымен, бастауыш сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты ҚР әнұранымен бастау алып, оқушылардың мәнерлі де көркем өлең шумақтарымен жалғасын тапты. Егеменді еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктері жайлы бірер тапсырмалар берілді. Өтілген жұмыстар барысында балаларымыздың елге деген азаматтық сезімдері ұштала түсті
#біртұтас_тәрбие 🇰🇿Тәуелсіздік күніне орай Мәдениет орта мектебінде "Тәуелсіз елім-Қазақстан" тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Осы бір ұғымды түсіндіру мақсатында өткенге оралып, желтоқсан оқиғасы, желтоқсан құрбандары жайлы деректер келтіріліп, өлең шумақтары оқылып,«Желтоқсан желі» әні еріксіз құлақ түргізіп, жүректі тебірентіп, балаларға бір ой салды.
#бір_тұтас_тәрбие #ата_аналар_қолдау_орталығы "Ата-аналар мен балалардың ортақ мүдделері – олардың өзара түсіністігінің негізі", "Балаға мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады?" тақырыбында 9-11-сынып ата-аналармен тәрбие сағаты өтті. Тақырып бала үшін де ата-ана үшін де өзекті болғандықтан, ата -ана мен бала арасындағы қарым-қатынссты нығайту,өзара жағымды, үйлесімді байланыс туғызу мақсатында тәрбие сағатына балалары да бірлесе қатысты.
#шығармажазу #болашаққахат #тоғыз_айда_тоғыз_ісшара Бүгін 13-нші желтоқсан күні "Тоғыз айда тоғыз іс-шара" тұжырымдамасы аясында мектебіміздің оқушылары "Шығарма жазу:болашаққа хат" челленджіне белсенді қатысты.