«Мәдениет орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 1 маусымында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша атқарылған жұмыстарының есебі
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары аясында «Мәдениет орта мектебі» КММ өзіне тиесілі міндеттерін атқаруда.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомствалық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін атқарады. 1 сыныпқа қабылданушы балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің өтініштері 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында Egov.kz , «SmartNation» порталы арқылы қабылданады. Келесі 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа 5 бала қабылданады деп жоспарлануда.
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестатаудан өткізу мемлекеттік қызмет стандарты бойынша 10 мұғалімнен өтініш қабылданды. 3 мұғалім педагог-зерттеуші біліктілік санатын,1 мұғалім педагог-сарапшы біліктілік санатын растауға өтініш білдірді. 3 мұғалім педагог-сарапшы біліктілік санатын алуға, 3 мұғалім педагог- модератор біліктілік санатын алуға өтініш білдірді.
"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтініштері қабылданды. 2023-2024 оқу жылында 1-4 сынып оқушылары барлығы 18 бала тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша es.iac.kz платформа арқылы ақпан айында мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне сәйкес 1 адамға негізгі орта білім беру туралы құжатының телнұсқасы берілді.