Мәдениет орта мектебінде қыркүйек айының 15 күні тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің жабылуы салтанатты түрде өткізілді.
Мәдениет орта мектебінде қыркүйек айының 15 күні тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің жабылуы салтанатты түрде өткізілді.
Мәдениет орта мектебінде қыркүйек айының 15 күні тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің жабылуы салтанатты түрде өткізілді. Жиын мемлекет гимінімен басталып, тіл маманы С. С. Кабакованың «Тілім-тағдырым» тақырыбындағы баяндамасымен жалғасын тапты. Оқушылар тіл туралы қанатты сөздер мен мақал мәтелдерді, өлең шумақтарын ортаға салды. Мектеп директоры Б.Габдуллаевна өз құттықтауын айтып, жиын «Атамекен» әнімен аяқталды. Жиын оқушылардың тілге деген азаматтық сезімдерін оятуда тартымды ұйымдастырылды.