Меню KDT

logo.png?_=1675682101


"Мәдениет орта мектебі" КММ


 
  • kz
  •  

    АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАҒА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

    АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАҒА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

    🏫20 қарашада өңірлерде ауыл мектептері оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша бірінші республикалық олимпиада басталады. Оған еліміздің шалғай аудандарынан 9-11 сынып оқушылары қатысады.


    АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАҒА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

    🏫20 қарашада өңірлерде ауыл мектептері оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша бірінші республикалық олимпиада басталады. Оған еліміздің шалғай аудандарынан 9-11 сынып оқушылары қатысады.

    📌Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.

    🔗Олимпиадаға қатысуға ниет білдерген оқушылар аuyl.daryn.kz сайтында 15 қарашаға дейін тіркелуі тиіс.

    «Ауыл мектептеріне арналған олимпиада Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балаларды анықтауға және дамытуға бағытталған. Олимпиадада академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін тапсырмалар әр қатысушыға жеке электронды түрде ұсынылады. Олимпиаданың барлық кезеңдерінде оқушылардың аты-жөні әділ-қазылар үшін жасырын болады. Әр кезеңнен кейін тапсырмалардың сканерленген нұсқасы, қатысушылардың жұмыстары мен дұрыс жауаптар орталықтың сайтында жарияланып отырады», - дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

    🖌Интеллектуалды сайыс үш кезең бойынша өткізіледі: бірінші кезең (бастапқы) – қараша айында; екінші кезең (іріктеу) – желтоқсан айында; үшінші кезең (республикалық) – 2024 оқу жылының қаңтар айында.

    ✅Республикалық III кезеңнің барлық қатысушылары республикалық сырттай оқу мектебіне қабылданады. Қорытындысында қатысушылардың жалпы санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталады. I дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылғы ақпан айында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне дайындау мақсатында өткізілетін оқу-жаттығу жиындарына шақырылады.

    ✈️Атап өтейік, олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 20 қараша күні еліміздің барлық ауыл мектептерінде бір мезгілде өткізіледі.
    08.11.2023
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Пайдалы сілтемелер