«Мектептің жүрегі ұстаз» дегендей білім теңіз, оның тереңін жетік білетін, сырын меңгерген адамдарды дайындайтын тұлға – ұстаз. «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деп халқымыз айтқандай саналы да, білімді шәкірт тәрбиелеу, білім сапасының жоғарылауы тікелей ұстазға байланысты.
«Мәдениет орта мектебі» КММ барлығы 22 ұстаз қызмет атқарады. Барлығы дерлік жоғары білімді, білікті, тәжірибелі мамандар.Оның ішінде 6 педагог-зерттеуші, 5 педагог-сарапшы, 7 педагог-модератор, 3 педагогтің магистр дәрежесі бар.
Қоғамдық сананы жаңғыртудың алтын діңгегі – білімді ту ету болып табылады. Қоғам үшін заман ағымына сай білімге деген құштарлық болуы қажет, себебі қоғамның дамуы білімді жас ұрпақтың қолында, сондықтан білімділік – басты құндылық болса, мемлекетіміздің даму қарқындылығы өседі. «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп» дегенді халқымыз бекер айтпаған.Расында, білімі бар адамды жарқын да жарық болашақ күтеді. Ел ертеңі де жастардың қолында. Ертеңгі келер күннің бүгіннен гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім.
Қазіргі күнде білім беру саласындағы тың өзгерістер мен жаңалықтардың болуы заман талабына да байланысты болса керек. Бүгінгі қоғам біліммен толыққанды сусындаған тұлға тәрбиелеу керектігін көрсетіп отыр. Білім беру саласын жетілдіру - болашақ ұрпағымыздың терең де жан-жақты білім алып, өмір көшінен қалмауы болып саналады.
Мәдениет орта мектебінің ғимараты 2007 жылы қолданысқа берілді. Содан бері мектеп маңына ағаштар отырғызылып, жылда мектеп маңына түрлі гүл шоқтарын отырғызу жұмысы үрдіске айналды. Келген адамдарға мектептің сыртқы көрінісі мен ішкі безендірілуі, тазалығы әсер етеді. Сол себепті де мектебіміздің ішін заманауи тұрғыда, ұлттық негізде безендірілуіне көп көңіл бөлеміз. Пән кабинеттері де заманға сай безендірілген.
«Мәдениет орта мектебі» КММ жаңа ғимаратты, он сынып комплектілі, толық кабинеттермен жабдықталған, мамандармен толық қамтылған заманауи мектеп.
Мектебімізде үш бірлестік жұмыс жасайды.
Қоғамдық гуманитарлық бағыт.
Жаратылыстану – математикалық бағыт.
Бастауыш сынып бағыты.
Мектебіміз алға қойылған мақсат пен міндетті негізге ала отырып жұмыс істейді.
Тақырыбы: «Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін, функционалдық сауаттылығын арттырып, құзыреттілікке қол жеткізу».
Мақсаты: Жалпыға міндетті білім беру стандартының міндетті мөлшерін игеру негізінде білім алушылардың жалпы мәдениетті тұлғасын қалыптастыру.
«Мектептің жүрегі ұстаз» дегендей білім теңіз, оның тереңін жетік білетін, сырын меңгерген адамдарды дайындайтын тұлға – ұстаз. «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деп халқымыз айтқандай саналы да, білімді шәкірт тәрбиелеу, білім сапасының жоғарылауы тікелей ұстазға байланысты.
«Мәдениет орта мектебі» КММ барлығы 22 ұстаз қызмет атқарады. Барлығы дерлік жоғары білімді, білікті, тәжірибелі мамандар.Оның ішінде 6 педагог-зерттеуші, 5 педагог-сарапшы, 7 педагог-модератор, 3 педагогтің магистр дәрежесі бар.
Аудан, облыс, республика деңгейінде өз тәжірибесімен бөлісіп, жоғары жетістіктерге ие болған ұстаздарымыз бірі – қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Бибінұр Тілемісқызы.38 жыл жұмыс өтілі бар тәжірибелі ұстазымыз оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдауға баса назар аударып, нәтижесінже облыстық, республикалық деңгейде көрсеткіш көрсетіп жүрген ұстазымыз. «Сахна саңлақтары», «Оқуға құштар мектеп» жобаларын жүзеге асыруда. Бибінұр Тілемісқызының жетекшілігімен Табылдынова Адима «Абайтану» олимпиадасының республикалық кезеңінде III орын иеленіп, дипломммен марапатталды. Кезінде Махамбет, Яссауи оқуларының республикалық кезеңіне жеңімпаздар дайындап, үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүретін ізденімпаз ұстаз. Жерлес ақын жазушыларымыз Мағжан Жұмабаев пен Ғабит Мүсірепов шығармашылығы бойынша қойылым дайындап облыс деңгейінде өнерлі шәкірттері жүлделі орындарға ие болды.
27 жыл жұмыс өтілі, педагог-зерттеуші біліктілігі бар Салтанат Сабырбекқызы тәжірибелі, білімді ұстаз ретінде жас мамандарға әдістемелік тұрғыдан тәлімгерлік көмек көрсетуден жалықпайтын еңбекқор ұстаз. Оқушының функционалдық сауаттылығы бірінші орында тұрған қазіргі заманда Салтанат Сабырбекқызының оқушылары ҰБТ –де үнемі жоғары нәтиже көрсетеді. Өткен оқу жылында Петропавл қаласының «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің «Кәсіпқой» олимпиадасына қатысып, аудандық кезеңде 1 орын иеленсе, облыстық кезеңде 3 орынды қанжығалады. Биылғы оқу жылында облыстық «Жүзден жүйрік» байқауында 2 жүлделі орынға ие болды. Ұстаздар күніне орай Салтанат Сабырбекқызы өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Мағжан Жұмабаев» ерекшелік белгісімен марапатталды.
Серік Төлегенұлы – тарих пәнінің мұғалімі. Жұмыс өтілі 14 жыл,біліктілігі педагог-зерттеуші. Магистр ғылыми дәрежесі бар. Аудандық, облыстық, республикалық тарих пәні бойынша ұйымдастырылатын байқаулардың жеңімпаздарын дайындап жүрген білімді ұстаз. Өткен оқу жылында «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ұйымдастыруымен өткен тарих пәні мұғалімдерінің олимпиадасына қатысып, аудандық кезеңде 1 орын иеленсе, облыстық кезеңде Гран-при иегері атанып, мектебіміздің мерейін үстем етті. 9-11-сынып оқушыларына арналған пән олимпиадасына жүйелі түрде оқушылары қатысып, облыстық, республикалық кезең жеңімпаздары атануда. Мектептің «Еркін сөз» дебат клубына жетекшілік етіп, шәкірттердің талабын ұштауда. «Еркін сөз» дебатынан оқушылары екі жыл қатарынан аудан бойынша 1 орынға ие болды. Сонымен қатар Серік Төлегенұлы білікті ұстаз, аудандық, облыстық әдістемелік орталықтармен өзара қоғамдастықта жұмыс жасайды.
Мектебімізде тәрбие ісін басқарып, бастауыш сыныпта бірнеше жылдан бері ұстаздық етіп жұрген тәжірибелі ұстаз Абильтаева Анар Байырлиновнаны атап өтуге болады. Өз ісінің майталманы, педагог зерттеуші Анар Байырлиновнаның еңбегі еленіп облыстық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. «Алтын тұғыр» атты олимпиадаға қатысып аудандық кезеңде жүлделі орынға ие болды.
Мектебіміздің спорт саласын биік белеске көтеріп , оқушыларымен облыстық, республикалық деңгейде көрініп жүрген дене тәрбиесінің мұғалімі Саттыбаев Ренат Нұртайұлын да атап өтуге болады. Аудан, облыс деңгейінде Алғыс хаттары да баршылық. Мектебімізде қазақша күрес пен бес асық үйімесінің жетекшісі ретінде талай белестерге қол жеткізді.
Еңбек өтілдері 10 жылдан асқан ұстаздар география пәнінің мұғалімі Жалғасбаева Айгерім Нұрхалиқызы, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Рахимбергенов Гүлгүл Ғабитқызы, биология мен химия пәні Саттыбаева Асима Ерденовна және бастауыш сынып мұғалімі Жанакулова Гүлнарай Магжановна мұғалімдерге арналған облыстық «Кәсіпқой» пән олимпиадасынан аудандық кезеңінде бақтарын сынап жүлделі II орындарға ие болды. Мектебіміздің екі педагогі география пәнінің мұғалімі Жалғасбаева Айгерім Нұрхалиқызы, биология мен химия пәні Саттыбаева Асима Ерденовна қазан айында Тайынша қаласында өтілген облыстық конференцияда шеберлік сыныбын өткізді.
Биология пәнінің мұғалімі Саттыбаева Асима Ерденовна облыстық «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ ұйымдастырған Жылыжай- 23 байқауына қатысып мектебіміз жүлделі II орынға ие болды.
Өткен оқу жылында мектебіміздің білім сапасы 70% құрады.
Жоғарғы орта білім беру курсын аяқтаған 7 оқушы мемлекттік гранд иегерлері атанды. Ұлттық Еуразия университетіне 1 оқушы, Манаш Қозыбаев атындағы университетке 5 оқушы, Көкшетау қаласындағы көп салалы колледжге 2 оқушы түсіп 100% мемлекеттік грант иегерлері атанды.
Мектебіміздің үздік оқушылары «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері атанды.
№ | Оқу жылдары | Оқушының аты-жөні | «Алтын белгі» / Үздік аттестат | Аттестат түрі |
1. | 2023ж | Молдахмет Зере | «Үздік аттестат» | Негізгі орта білім беру |
Мұратбек Сабина | «Алтын белгі» | Жалпы орта білім беру |
Дарынды балалармен жұмыс ең маңызды және жауапкершілігі мол жұмыс. Жүйелілікті және сапалы дайындықты қажет ететін пән олимпиадасы мен зерттеу жұмыстары. Пән олимпиадалары арқылы оқу сапасы мен мазмұнының талаптары анықталса, зерттеу арқылы оқушының қабілеті жан жақты ашылады. Пән олимпиадасына, зерттеу жұмыстарына қатысу арқылы оқушы тек қана пән бойынша білімін тереңдетіп қана қоймайды, сонымен қатар интеллектуалдық деңгейі өседі, ауызша-жазбаша жұмыс жасау қабілеті дамиды, өз бетінше ізденушілік қабілеті артады, қарым-қатынас жасау, бөтен ортада тез бейімделу және жаңа ақпаратты жедел өңдеу, стресстік жағдайда тез шешім қабылдау, берілген тапсырманы орындауға зейінін шоғырландыруға дағдыланады.
Пән олимпиадасына сапалы, жүйелі дайындалу бастауыш сыныптан бастау алады. Мектеп оқушылары жыл бойы өтілетін олимпиадалар мен зерттеу жұмыстарына, байқауларға үздіксіз дайындалып, қатысып отырды. 5-6- сынып оқушыларына арналған пән олимпиадасы мынадай нәтиже көрсетті. Барлығы 7 оқушы қатысып, 6 оқушы жүлделі орынға ие болды. Соның ішінде 6-сынып оқушысы Сагиндыкова Ерке аудандық кезеңде 1 орын иеленіп, облыстық кезеңде 2 орынды қанжығалады. 2-7 сыныптары үшін ұйымдастырылған Республикалық «Зерде» ғылыми жұмысында 7- сынып оқушылары ағылшын тілінен Сагиндыкова Ерке, географиядан Магжанова Дария, биологиядан Біржан Абылай аудандық кезеңдерде жетістіктерге жетіп II- III орындарды иеленді.
Пән олимпиадасының аудандық кезеңіне барлығы 8 оқушы қатысып, 6 оқушы жүлделі орындар иеленді. Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні бойынша Табылдынова Адима I орын, тарих пәні бойынша Мұратбек Сабина және Молдахмет Зере I орын, орыс тілі бойынша II орын иеленген Кужибаева Томирис облыстық кезеңде III орынды иеленді.
Облыстық кезеңге жолдама алған 4 оқушы өз білімдерін дәлелдеп, облыстан жүлделі оралды. Мұратбек Сабина республикалық кезеңге жолдама алып, қатысушы атанды.
№ | Оқушының аты-жөні | Сыныбы | Таңдаған пәні | Орын | Жауапты |
1 | Табылдынова Адима | 10 | Қазақ тілі | I | Кабакова С.С. |
2 | Мұратбек Сабина Молдахмет Зере | 10 9 | Тарих | I I | Елемесов С.Т. |
3 | Кужибаева Томирис | 9 | Орыс тілі мен әдебиеті | III | Даирова А.Б. |
Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне ену кезеңінде халықаралық озық үлгілерді үйреніп, қолдануға және жасампаз болуға итермелейтін бірден-бір жолы – ол ғылыми жобалар. Түрлі ғылыми жобаларға мектеп оқушылары мен ұстаздары үздіксіз қатысып, үнемі ізденіс үстінде болады. Өткен оқу жылында аудандық кезеңде бірнеше оқушылар жүлделі орын иеленсе, 10-сынып оқушысы Кеншінбай Ділназ облыстық кезеңде 3 орын иегері атанды.
Оқу жылы | Аты- жөні | Пәні | Нәтиже | |
аудандық | облыстық | |||
2023 | Кеншінбай Ділназ | Қазақ тілі | 1 орын | 3орын |
Мектебіміздің талапты оқушылары түрлі оқулар мен байқауларға үнемі қатысып жүлделі орындармен оралады.
Жылда өтілетін дәстүрлі Абай және Мағжан оқуларына мектебіміздің Абай шығармалары мен қарасөздерін нақышына келтіре оқитын және өз ойларын қағаз бетіне мазмұнды жаза білетін озаттар барады. Олар аудан көлемінде бірінші орындар алып облыста да жүлделі орынға ие болған мектеп мақтаныштары. Бұл дәстүрлі байқау 8-11сыныптар арасында облыста ұйымдастырылды.
Олар: 1.Амангельдиева Жанель 8-cынып оқушысы «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша III орын,
2.Кеншінбай Ділназ 10-сынып оқушысы номенация «Ұлылар әлемі» III орын.
3.Молдахмет Зере 9- сынып оқушысы «Абайдың қара сөздері» III орынға иеленді.
5-6 сынып оқушылары ауданнан жүлделі орындар иеленді.
1.Еқсан Сара «Абайдың қара сөздері» I орын.
2.Сагиндыкова Ерке «Өлең менің шолпаным, айым, күнім...» II орын.
Облыс көлемінде ұйымдастырылған «Мағжанның маржан жырлары» атты мәнерлеп оқу байқауында 5-6 сынып оқушылары Еқсан Сара I дәрежелі дипломмен және қаржылай сыйлықпен, Сагиндыкова Ерке дипломмен марапатталды.
Ауданымызда екінші рет ұйымдастырылып отырған «Абайтану» пән олимпиадасының аудандық жеңімпазы Кеншінбай Ділназ I орын иеленді. Ділназ Республикалық «Ақберен» өнер байқауының аудандық II орынын иеленді. Мектебіміздің мақтанышы Ділназ Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың I кезеңінің жеңімпазы, алған балы -38. Таңдау пәні -ағылшын тілі.