Меню KDT

logo.png?_=1675682101

"Мәдениет орта мектебі" КММ

  • kz
  •  

    Су тасқынынан абай болыңыз!

    Су тасқыны – өзендегі судың көтеріліп, қардың еріп, желдің қатты соғуынан өзеннің тасуы немесе сел жүру кезінде кейбір елді мекендердегі су басуы.
    Су тасқынының келтірер зардап­тарының қатарына үйлер мен ғимарат­тардың, көпірлердің қирауын, теміржолдар мен автокөлік жолдарын су шайып, инженерлік желілердегі апат, тұрғындар арасындағы зардап шегушілер мен жан-жануардың қырылуы сынды оқиғаларды жатқызуға болады.
    Үйлер мен жер опырылып, бар­лығы қозғалып қирап жатқан болса, су тасқынының белгісі деп білсеңіз болады. Су тасқыны кезінде жұмыс орындары мен пәтерлерде радио желісі тәулік бойы жұмыс атқарып тұруға тиісті. Себебі, тұрғындар алдын ала хабардар болуы керек. Хабарландыру сигналдары, эвакуация жасау шаралары және оның ережелерімен танысып, соған алдын ала дайын болыңыз.
    Су тасқыны қауіпі туындаған жағдай­дағы іс-әрекеттер:
    – төтенше жағдайлар мен іс-әре­кет жөніндегі нұсқаулықтар туралы ақпараттарды мұқият тыңдаңыз, телефон желісін қажетінсіз қолданбаңыз, сізбен байланысар кезінде желі бос болуы керек;
    – сабырлық сақтап, көршілерге ескертіңіз, мүгедектерге, балаларға және егде жастағы адамдарға көмек көрсетіңіз;
    – жергілікті билік орындарынан эвакуация үшін тұрғындарды жинау ор­нын анықтап, соған дайындалыңыз;
    – құжаттарыңыз бен керек-жарақтарыңызды және тамақ­тар мен дәрі-дәрмектерді дайын­даңыз. Барлығын бір шабаданға жинаңыз. Құжаттарды су өткізбейтін пакеттерде сақтаңыз;
    – электрлік тоқтарды тоқ көзінен ажыратып, газды сөндіріңіз;
    – бағалы заттарыңыз бен азық-түлік өнімдерін үстіңгі қабаттарға немесе жоғары бөлікке көтеріп қойыңыз;
    – шамаңыз келсе су басып жатқан аймақтан кетіп қалыңыз;
    – есік-терезені жабыңыз, уақытыңыз болып жатса, бірінші қабаттағы есік терезелерді тақтаймен бітеп кетуге тыры­сыңыз;
    – жоғарғы қабатқа көтеріліңіз. Егер бір қабатты үй болса, шатырдың астын­да болыңыз;
    – көмек келгенше жоғарғы қабатта, үйдің төбесінде немесе ағаш басында болыңыз, құтқарушыларға белгі беріңіз, сізді тезірек тауып алуына мүмкіндік жасаңыз;
    – айналаңызда зардап шегушілер жоғына көз жеткізіңіз, болған жағдайда шамаңыз келгенше көмек қолын созуға тырысыңыз;
    – көмек келгенше жоғарғы қабат­тарда, төбелерде, ағаш немесе басқа да жоғарылықта болыңыз, мүмкін болса ұялы телефонмен хабарласыңыз, құтқарушыларға сізді мүмкіндігінше тез табу үшін белгі беріңіз.
    Аумақты су басу қаупін байқаған кезде Төтенше жағдайлар бөлімі қызметінің нөмірі 112-ге қоңырау соғып, хабарлау қажет. Есіңізде болсын, қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өзіңіз бен жақындарыңыздың өмірін арашалап қалу мүмкіндігіңіз көбейеді.

    Возможно, это зарисовка (3 человека и текст «уважаемые родители! 112 просим BAc внимательно отнестись κ вопросам безопасности в OCEHHE весенний период тонкого льда HA водоемах если не затрещал лед рещины бегитео опасности плавн ложитесь место! самое безопасное решение B период тонкого льда-не выходить на водоемы внимание! таких местах под снегом могут быть глубокие трещены разломы He без присмотра, объясняйте что это опасно!!! помните, что наше уважение кводной стихии сейчас, счастливая и безопасная жизнь наших детей будущем. просто поговорите об этом C вашим ребенком это решение сохранит жизнь вашему ребенку! понинрсрдро помни!!! непрочен около OΠACHO выхолить HA тонкий пFлI»)
    06.03.2024
    0

    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Пайдалы сілтемелер