2024-2025 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттар қабылдау туралы ҚР ОАМ-нің Орта білім комитетінің басқарма басшысы Әлия Чокушева айтып берді https://www.facebook.com/watch/?mibextid=rS40aB7S9Ucbxw6v&v=977671427315037
Мәдениет орта мектебінде сәуір айының 24-і күні «Махаббат- татулықтың негізі» тақырыбында 11-сынып ата-аналарымен тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында отбасылық махаббат, сыйластық, ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым- қатынас, еркін байланыс туралы әңгіме қозғалып, ата-аналардың бала өмірі үшін жауапкершіліктері, парыздары жайлы айтылып өтті. Осы тақырыпта ата -ана мен мұғалім арасында еркін әңгіме жүргізілді.
#бір_тұтас_тәрбие Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес орта буын оқушыларының ата-аналарымен "Жасөспірімнің мінезіндегі ерекшеліктер" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағат барысында ата - аналар жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктерімен танысып, ата - ана мен жасөспірімнің қарым - қатынасы туралы ой қозғады.
#бір_тұтас_тәрбие Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспары негізінде 24-і сәуір күні бастауыш сынып оқушыларына және ата-аналарына "Бала ата-анасымен бақытты" тақырыбында тәрбие сабағы ұйымдастырылды. Сабақ барысында ана мен әженің балаға беретін ұлттық тәрбие туралы әңгіме жүргізілді және тақырыпқа байланысты қызықты тапсырмалар орындалды. Оқушылар аналарымен және әжелерімен ертегі оқып, әңгімелеп берді. Тәрбие сағаты жайлы, жылы атмосферада өтті.
Экологиялық акцияның алғашқы аптасында «Таза өлке» апталығы аясында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізіп жатыр. #тазақазақстан Мәдениет орта мектебінің ұжымы "Таза Қазақстан" жалпыреспубликалық акциясына ат салысып, мектеп ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді.
#ұстаз2024 13-сәуір күні кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен "Ұстаз-2024" аудандық білім беру мекемелерінің арасында спорттың волейбол және үстел теннисі бойынша аймақтық жарыс өтті. Мектебіміздің спортшылары волейбол және үстел теннисінен 3-орынды иеленді.
#бір_тұтас_тәрбие #тоғыз_айда_тоғыз_ісшара #шахматойыны #қазақстаншахматшылары Шахмат – көне тарихы бар зияткерлік ойын. Қазір - ең көп таралған үстел ойындарының бірі. Шахматтың тәрбиелік мәні бар: ол тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, логикалық ойлауға және өз іс-әрекетін жоспарлауға үйретеді, зейіннің шоғырлануын дамытады. "Тоғыз айда тоғыз іс-шара" тұжырымдамасы аясында және білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында мектебіміздің оқушылары "Шахмат ойнау" республикалық челленджге қатысты. Осы челлендж арқылы оқушылар