Меню KDT

logo.png?_=1675682101


"Мәдениет орта мектебі" КММ


 
  • kz
  • Мектеп тарихы

        Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қарасты "Мәдениет орта мектебі" Қарасай батыр ауылында орналасқан. Тарихы тереңге кеткен мектеп 1936 жылы 7 жылдық мектеп болып қалыптасқан, кейін 1947 жылы негізгі мектеп болып қалыптасты. Сол жылдары Ленин орденінің иегері Қасым Нұрмағанбетов еңбек еткен. Көнекөз қариялардың айтуы бойынша  сол жылдары Сарысай, Сәртөбек т.б. ауылдарының балалары біздің ауылда оқитын деседі. Бұл балалардың тұруына жағдай жасалынып ұлдар мен қыздарға интернат үйін ашқан. Сол интернат типтес үй әлі де ауылда бар.
        1973 жылы еліміз Арық балық ауданы, Златогор совхозына қарағанда ауылға барақ типтес бір қабатты негізгі мектеп салынды. Онда да оқушылар саны 200ге жетіп жығылатын. Бұл әрине сол кездегі ауылдағы ең негізгі жұмыс мал шаруашылығының  дамыған кезі. Ауыл жастары жұмыспен қамтамасыз етілген.
        Кейінен 1994-1995 жылдары мектебіміз орта мектеп статусын алды. Бұл да әрине бала санының көптігін, мұғалімдер білімдерінің стандартқа сай, біліктілігі бар екендігінің дәлелі.
          1994-1995 оқу жылдары алғаш рет ауылдан орта білім алып, мектеп қабырғасынан ұшқан түлектер әр түрлі мамандық иесі болып еңбек етуде.
    Олар: Нашарбаев Мұхтар, Нұралин Талғат, Калдарбекова Тәттігүл, Окапова Индира, Канафин Аслан т.б.
         34 жылдан кейін ел жағдайы түзеліп, Тәуелсіздік туы желбіреген, егемендікке қол жеткізген соң «100 мектеп,100 аурухана» атты Үкімет бағдарламасы негізінде 2007-2008 оқу жылында ауылымызға 2 қабатты, жаңа типті мектеп пайдалануға берілді. 2008 жылы 25 қазан күні жаңа мектеп салтанатты түрде ашылды. Жаңа ғимарат соңғы үлгіге сай салынған. Барлық пән кабинетерінде үдерісіне сай жабдықталған, жарық, еңселі. Мултимедиа кабинетіне 16 ноутбук, интерактивті тақта оқушылардың жұмыс жасауына сай ұйымдастырылған. Жаңа талапқа сай бастауыш сынып пен қазақ тілі кабинетіне де компьютер қойылды.
        2007-2008 оқу жылын бітірген оқушылар Мемлекеттік грант иегерлері атанды.
    Ол түлектеріміз: Ахмеров Бауыржан, Ислямова Айнагүл, Әбілтаев Данияр, Қиноятова Айнұр, Хасенова Алия. Келесі жыл, яғни 2008-2009 жылы да біздің мектеп үшін жеңісті жыл болды. Олар да  грант есебінде оқып, әр салада еңбек етуде.
        Олар: Рамазанова Қарлығаш, Қиноятова Қарлығаш, Ехсанова Жұлдыз, Күржанов Асылбек.
        Биылғы оқу жылында мектебіміздің 10 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өттік. 10 жыл өтсе де мектебіміз сол көрікті қалпын сақтауда. Мектебіміз  белсенді де білікті мамандармен қамтылған. Жоғарғы оқу бітіріп «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен еңбек етіп жатқан жастар баршылық. Таза қазақ мектебінде заман талабына сай үш тілді де меңгереміз. Мектептегі шаруашылық жағы да жақсы жолға қойылған. Мектеп ұстаздары, оқушылар, шаруашылық қызметкерлері де жарғақ құлақтары жастыққа тимей мектеп ауласының гүлге орануы үшін тыным таппай еңбек етеді.
        Мектеп оқушылары түрлі іс-шараларға қатысады, мектеп ұстаздары «Көркем өнерпаздар» байқауының жеңіпаздары. Мектебімізде жас жеткіншектердің рухани білім алуы үшін кітапхана көркем әдебиетпен толыққан.
        Мектебімізде «Шебер қолдар» үйірмесі де өз еңбегін аудандық, облыстық деңгейде көрсетуде. «Сахна саңылақтары», «Ән көңілдің ажары», «Шұғыла» би үйірмесі де өз жемісін беріп, аудан облыс сахна төрінен көрінуде.  "Қазақ күресі" үйірмесінің қатысушылары да аудандық, облыстық деңгейде өткізіліп жүрген сайыстардың жеңімпаздары. 

    Послание
    Президента

    Пайдалы сілтемелер